ҚР Премьер-Министрі СҚО-ның машина жасайтын кәсіпорындарының өндіріс барысымен танысты
Сонымен қатар Кәрім Мәсімов кәсіпорынның өндірістік цехына барып, өндіріс барысымен танысты, деп хабарлайды Pm.kz.
Аймақ әкімі Ерік Сұлтанов Кәрім Мәсімовті облыстағы машинажасау кәсіпорындарының: «Авагро» ЖШС, «Петропавл трактор зауыты» ЖШС, «ҚазТехМаш» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өнімдерімен таныстырды.
Сондай-ақ Кәрім Мәсімов «Құрамында қалайы бар кендерді қайта өңдейтін «Сырымбет» тау-кен байыту кешенінің құрылысы» Кәсіпкерлікті қолдау картасымен танысты.
Бұл жобаның мақсаты - Орталық Азияда алғаш рет аса тиімді технологияны қолданумен, ең үздік экологиялық стандарттарды ескере отырып қалайы өндірісін ашу. Жоспарланып отырған өндіріс көлемі - жылына 6 050 тонна қалайы металы.
Өндіріс орнының құрылысы кезінде 100-ге жуық жұмыс орны, ал өндіріс іске қосылған соң 700-ден астам жұмыс орны ашылады. Жобаның шамаланған жалпы құны - 20 млрд. теңгеден астам.
Еске салайық, 2016 жылы облыста өнеркәсіптік өнімді шығару көлемі 2015 жылғы 5 аймен салыстырғанда, 66,6 млрд. теңгені немесе 100,4% құрады.