14:37, 12 Қараша 2012 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі «Сколково» инновациялық қорының басшысымен кездесті, онда бірлескен қызметтің перспективасы талқыланды
МӘСКЕУ. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бастаған қазақстандық делегация Мәскеуге жасаған жұмыс сапары барысында «Сколково» инновациялық орталығын аралады.
Қазақстандық тараптың өкілдері технопарктің аумағында болып, таныстырылымның барысында оның жұмысымен, сондай-ақ «Сколково» кәсіпорнында орналасқан компаниялардың инновациялық жобаларымен, кейбір стартаптар жұмысының нәтижелерімен таныс болды. Сондай-ақ олар инновациялық орталықта болу аясында инновациялық қаланың нысандарын аралап, кең ауқымды «Сколково» жобасымен таныс болды.
Инновациялық «Сколково» қорының президенті Виктор Вексельберг инновациялық жобаларды дамытуға Қазақстан мен Ресейдің өзара мүдделілігін атап өтті.
Инновациялық орталықты аралау аясында ҚР Үкіметінің басшылығы инновациялық «Сколково» қорының басшысымен кездесті, олар бірлескен қызметтің болашағын талқылады.