ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қызылорда қаласын тасқын судан қорғау бөгеттерін көрді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында қала іргесіндегі Ақжарма ауылдық округінен шыққаннан соң қалаға келіп,
None
None

осында дария бойлай салынған тасқын судан қорғау бөгеттерін аралап көрді.

Бұл жұмыстар жобасының жалпы құны - 16 569,9 млн. теңге тұрады. Соның ішінде дарияның оң жағалауы үшін 8 859,36 млн., сол жағалауы үшін 7 710,49 млн. теңге қаржы бөлінді. Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жағалау бөгетінің ұзындығы - 32,86 шақырым болады. Бұл жұмыстар толық біткен кезде Қызылорда қаласы тасқын судың қаупінен толық құтылады.

Осы жерде «Мелиоратор» ЖШС жетекшісі Бердібек Мыханов Үкімет басшысының бірінші орынбасарына жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар