ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев жұмыс сапарымен Қызылордаға келді
Ол алдымен Сырдария өзенінің Тасбөгет кенті тұсында орналасқан су торабына аялдап, су тасқынына қарсы шаралар жобасының тұсаукесеріне қатысты. Аймақта бұл жұмыстар 2007 жылы басталды. Келесі 2008 жылдың басында қолға алынған «Сырдария өзенінің оң жағалауын нығайту және Қызылорда қаласының қорғаныс бөгеттерін қайта жасау» жобасының сметалық құжатнамасына Үкіметтен 500 млн. теңге бөлдірудің оңтайы келді. Қазір бұл жұмыстарды бас мердігер ретінде «Мелиоратор» ЖШС жүргізуде. Олар осы кезге дейін 330 метр ауқымның қорғаныс бөгеттерін салып үлгерді.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары осыдан кейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің облыс аумағында салынып жатқан құрылысымен танысты. Облыстан бұл автожолдың 811,7 шақырым бөлігі өтеді. Оны 4 шетелдік компания бас мердігер ретінде салып жатыр. Бұлардан бөлек, тағы елімізден 24 кәсіпорын субмердігер ретінде атсалысуда. Бұлардың 4-уі Қызылорда облысынан. Қазірге дейін 119 шақырымдық айналма жол салынып қойылған, 115 шақырымдық негізгі жолдың асфальттары төселген.