19:42, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрінің Ливан Парламентінің төрағасымен кездесуінде екі ел арасындағы терең экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ливан Республикасына ресми сапары ауқымында Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берримен келіссөздер өтті,
деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.
Кездесуде екі ел арасындағы бұрынғыдан да терең экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
К.Мәсімов ресми сапар барысындағы кездесулер «Қазақстан мен Ливан арасында да, тұтастай алғанда Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасында да жаңа экономикалық және сауда жолдарын орнатуға көмектеседі», деп атап көрсетті.
Кездесу аяқталғаннан кейін қазақстандық делегация Рафик Хариридің мемориалында болып, онда гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.