17:00, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрінің Словакия Президентімен кездесуі барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Словакия Президенті Иван Гашпаровичпен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
И.Гашпарович Словакияның Қазақстанмен энергетика, құрылыс индустриясы, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау және экономиканың басқа да салаларында ынтымақтасуға мүдделілігін білдірді.
Кездесу соңында К.Мәсімов пен И.Гашпарович Қазақстан мен Словакия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық одан әрі дәйекті дамитынына сенімдерін білдірді.