ҚР Премьері мен Ливан Президенті келіссөздер барысында екі елдің экономикалық өзара іс-қимылын жандандыруға мүдделілік білдірді

СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған делегация Ливан Республикасына ресми сапармен келді.
None
None

Кездесу салтанаты Ливанның Үкімет Үйінде болды, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Кәрім Мәсімовтің Премьер-Министр Саад Әл-Хариримен шағын құрамда кездесуі барысында әртүрлі салаларда - ауыл шаруашылығында, туризм мен қаржы секторында екіжақты қазақстан-ливан сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

Кәрім Мәсімовтің Ливан Президенті Мишел Сүлейманмен кездесуі кезінде Қазақстан мен Ливан арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық бойынша пікір алысылды. Экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге барлық қажетті жағдайлар жасалғаны аталып өтті. Тараптар осы үдерісті жандандыра түсуге мүдделілігін білдірді.

Сапар ауқымында, сондай-ақ Ливан сыртқы істер министрі Әли Хасан әл-Шамимен келіссөздер өтті, оның барысында аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. «Біз Ливанды Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі үдерісіне қатысуға шақырамыз», - деді К.Мәсімов. Әли Шами ынтымақтастыққа мүдделілігін және Ливанның Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үдерісіне қатысуға әзір екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар