19:16, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
ҚР Премьері мен Тәжікстан СІМ басшысы қазақстан-тәжік тікелей инвестициялар қорының құру мәселесін талқылады
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен кездесті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың даму мәселелері, соның ішінде жобаларды бірлесе жүзеге асыруға арналған қазақстан-тәжік тікелей инвестициялар қорының құру мәселесі де бар.