18:35, 03 Шілде 2013 | GMT +5
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен ҚХР Коммунистік партиясы ОК Бюро мүшесі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшесі, ҚКП ОК ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзимен кездесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық мәселесі және Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылын әр түрлі салаларда одан әрі жандандыру перспективасы қаралды.