ҚР Президенті: Алматыда БҰҰ-ның халықаралық орталығын құру бойынша Қазақстан Үкіметінің ұсынысы өзектілігін сақтауда

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Ауғанстан айналасында және ішінде темір жол желісін кеңейту маңызды болып табылады.
None
None

Бұл өз кезегінде біздің елдер көліктік магистральдармен байланысуы үшін қажет, яғни осы арқылы өңірде ынтымақтасудың негізгі маңызды тұстары болады. Бұл туралы бүгін Алматыда Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-ші конференциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Менің көзқарасым бойынша, Ауғанстанды дамытуға байланысты мақсаттарды шешуге Алматы қаласының мүмкіндіктері қолғабыс етер еді. Біздің оңтүстік астанамыз Ауғанстанға географиялық тұрғыда жақын тұрған кең мүмкіндіктері бар қуатты көліктік торап. Алматы - халықаралық агенттіктер орналасқан орын, оның ішінде БҰҰ жүйесі бойынша»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасы осыған байланысты Алматыда БҰҰ-ның халықаралық орталығын құру тұрғысында қазақстандық Үкімет ұсынысының өзектілігі сақталатынын атап өтті.

«Оның қызметі сонымен қатар шиеленістен кейінгі Ауғанстанды оңалту шараларына бағытталады. Мұндай құрылым БҰҰ-ның өңірлік және субөңірлік өкілдіктері арқылы және басқа да халықаралық өңірлік ұйымдар арқылы аталған елге қаржылық-экономикалық көмекті үйлестіру үшін қажет. Бұл ағымдағы бағдарламалар мен болашақтағы көпжақты ынтымақтастық мақсаттарын тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Біз Қазақстанда Ауғанстанға қолдау көрсету үшін тиісті базалар орналасуын ұсындық»,-деп түйді Н. Назарбаев

Соңғы жаңалықтар