ҚР Президенті: Армия - бұл тәуелсіз мемлекетіміздің сенімді қалқаны

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Армия - бұл тәуелсіз мемлекетіміздің сенімді қалқаны.
None
None

Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында өтіп жатқан Жауынгерлік парад барысында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Армия - бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің сенімді қалқаны және оны ұстап тұру қастерлі борыш қана емес, сонымен қатар зор мәртебе. Сіздердің қызметтеріңіз - еліміз тәуелсіздігінің, тыныштығының және әрбір қазақстандық отбасының сенімділігінің кепілі. Мен тағы бір мәрте әскери қызметшілерді, ардагерлерді, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке - Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, әскери қызметшілерге қызметтерінде және жауынгерлік дайындықтарында сәттілік тіледі.

«7 мамыр әрқашанда да біздің мемлекетіміздің қуаты мен сенімділігін қуаттай түсетін болсын», - деді ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Соңғы жаңалықтар