ҚР Президенті Атырау облысында жұмыс сапарымен болады деп жоспарлануда

ЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған «Флуосерв Қазақстан» сорғы жабдықтарын жөндейтін зауытта болады. Шағын және орта бизнес өкілдерімен кездеседі. Бұдан кейін жаңа «Медикер» медициналық зауытының бір реттік қолданылатын шприцтер және инфузиялық ерітінділер құю үшін жүйе шығаратын зауытта болуы жоспарланған.

Н.Назарбаев жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің Қашаған кенішінде «Д» жасанды аралында болып, Солтүстік Каспий жобасындағы жұмыстардың барысымен танысады. Осында «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және «Орталық-Аймақ» және «Аймақ-Орталық» кадрлар ауыстыру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлермен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар