ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды.
None
None

«Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», - деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған жүйені енгізген «Қазақмыс», «Кегок», «Самұрық-Қазына» сынды компанияларды атап өтті.

«Онда білім алушы өндірістегі тәлімгер болып табылады әрі оған жалақы тағайындалып, білім алады», - деген ҚР Президенті, сол жерден алған кәсібінің басқа мекемеде жұмыс істеуі барысында мол пайдасы тиетіндігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар