ҚР Президенті Бас прокурорға бірқатар тапсырмалар берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады. Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына прокуратура органдарының қазіргі
None
None

және перспективалы жоспарлары туралы, сондай-ақ елдегі құқық тәртібі мен заңдылық ахуалы туралы баяндады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды

Қазақстан Президенті соңғы жылдары қабылданған заңдар қылмысқа қатысты саясатты ізгілендіруге, экономикалық қылмыстар үшін балама жазалау шараларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында, әсіресе халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу аясында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндет жүктелгенін де айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар