ҚР Президенті ДСҰ-ға мүше елдерді ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ДСҰ-ға мүше елдерді ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.
None
None

«Халықаралық қоғамдастық үшін «жасыл экономика», тұрақты даму ұстанымдарына көшу баламасыз деп санаймыз. Осыған орай, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу біздер үшін және барлық әлем үшін барынша маңызды деп санаймыз. Қазірдің өзінде ондаған мемлекет көрме аясында жұмыс істеуге өз қызығушылықтарын танытып отыр. Біз кестеден қалмай салып жатырмыз, бәрі дер уақытында жасалатын болады. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздердің елдеріңізді Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамын», - деді Елбасы.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін қазақстандық экономика жаһандық экономикамен интеграциялану үшін ауқымды жолды еңсергенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар