18:00, 19 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Президенті Эстония Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Премьер-Министрі Андрус Ансиппен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ екіжақты уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.
Сонымен қатар, А.Ансип өзінің биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.