ҚР Президенті Қарағанды қаласында авиациялық зауытты ашады

РАҒАНДЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары одан әрі жалғасуда.
None
None

Жоспар бойынша, сапардың екінші күні Елбасы Қарағанды қаласында ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығаратын авиациялық зауыттың ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. Н. Назарбаев өңірде үдемелі нндустриялық-инновациялық экономиканың дамуы аясында, құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын жаңа жобаның іске қосылуына қатысады.

Бұдан кейін телекөпір өтеді, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов Елбасыға Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы ішінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму, іске асып жатқан инвестициялық жобалар жайында және олардың 2015 жылға дейін даму болашағынан хабардар етеді. Қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, он-лайн режимінде өнеркәсіп өндірісіне қатысты бірқатар жаңа жобалар іске қосылып, мемлекеттік-жеке әріптестік аясында Қарағанды қаласында 11 балабақшаның құрылысы басталады.

Жұмыс сапарының соңында, Мемлекет басшысы егемендіктің мерейтойы жылында облыс орталығында бой көтерген Тәуелсіздік монументін көреді. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапарымен 21 қараша күні келген болатын. Сапардың бірінші күні Елбасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап салынған Қарағанды мен Теміртаудағы жаңа әлеуметтік нысандарды аралады. Н.Назарбаев «АрселорМитталТеміртау» АҚ металлургия комбинатында екі ірі инвестициялық жобаның іске қосылғанына көзайым болды.

Облыстық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті басқару мәліметі бойынша, елдің индустриялындыру картасына Қарағынды облысынан 280 млрд. теңгені құрап, 5000 адамдық жұмыс орнына арналған 45 инвестициялық жоба енгізіліп отыр. Өткен жылы 9 жоба іске асқан. 2011 жылға 24 жоба жоспарланып, бүгінгі күнде 10-ы іске қосылып үлгерген. Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына дейін тағы 14 инвестициялық жоба іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар