ҚР Президенті қашықтығы 240 шақырымдық Алматы-Ыстықкөл жол құрылысының жобасын қолдады

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қашықтығы 240 шақырымдық Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі төте жол құрылысының жобасын қолдады.
None
None

Бұл туралы шекараның қазақ-қырғыз учаскесінде кедендік бақылауды доғару рәсімінен кейін Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев хабарлады. «Ыстықкөл, оның тұрғындары үшін бүгін ерекше оқиға болды. Қазақстан Президенті қысқа жол құрылысы жобасын қолдады. Бүгінде Алматыдан Ыстықкөлге жол 480 шақырымды құрайды. Бір-екі жылда ұзындығы 240 шақырым жол салынатын болады. Бұл жолды екі есе қысқартады», - деді Қырғызстан Президенті.

«Қазақ пен қырғыз бір туған. Олардың арасында кедергі болмауы тиіс. Барлық кеден, шекараны ашуымыз қажет. Бауырлас қазақ елі мен оның көшбасшысына берген кеңестері мен айтқан тілектері үшін рахмет», - деді Атамбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының «Қордай» және Қырғыз Республикасының «Ақжол» кеден бекеттерінде екі елдің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен қазақстандық-қырғыз шекара учаскесінде тауарларға және көлік құралдарына кеден бақылауын алып тастаудың ресми салтанаты өтті. Шара Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы аясында өтті. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары Шолпан-Атада Ш.Айтматов атындағы «Рух-Ордо» мәдениет орталығының аумағында ұйымдастырылған онлайн-трансляция рәсімін бақылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум