18:50, 15 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР Президенті мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң қолданыстағы құқықты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталғанү
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.