ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасына алғашқы ресми сапармен барады
Сапар барысында Елбасы Чехия Президенті Вацлав Клаус пен Премьер-министр Петр Нечаспен кездеседі.
Тараптар 20 жыл ішіндегі екіжақты қарым-қатанасардың негізгі даму бағыттары туралы, сауда-экономикалық, ғылыми, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жайлы мәселелерді талқыламақ.
Сапар аясында 24 қазанда Прагада екі елдің іскер топтарының қатысуымен қазақстан-чех бизнес-форумы өткізіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 76 чех кәсіпорны мен ресми тіркеуден өткен 20 фирма өз қызметін атқаруда.
2011 жылдың қорындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 211,7 млн.долларды құрады (экспорт - 48,4 млн. долл., импорт - 163,3 млн. долл.). Бұл 2010 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.
2012 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 208,3 млн. доллар болды, бұл 2011 жылдың қаңтар-тамыздағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 38 пайызға көп.
1994 жылдан бастап 2012 жылдың 31 наурызына дейінгі Чехияның Қазақстанға құйған инвестициясы 220 млн. АҚШ долларын құрады.