17:58, 03 Қараша 2017 | GMT +5
ҚР Президенті Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты.
«Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Халид әл-Фалих жеке кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.