ҚР Президенті Семей тері өңдеу комбинатын іске қосты

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей тері өңдеу комбинатын іске қосты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жаңадан ашылатын зауыт ел өңірінің әлеуетін арттыра түсетін болады. «Шаруашылықты әртараптандыру туралы Елбасы тапсырмасы өңірде оңтайлы жүзеге асуда. Соның бірі бүгін тұсауы кесіліп отырған тері өңдеу зауыты. Семей комбинаты Қазақстандағы тері өңдейтін ең ірі және шикізат пен дайын өнім өндіруге қажетті технологиямен жабдықталған жалғыз кәсіпорын», - деді облыс әкімі.

Іске қосу барысында Президент Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістікпен өңір халқын құттықтады. «Шығыс Қазақстан облысы біздің өндірісті орталықтарымыздың бірі болып саналады. Шығысқазақстандықтар бұрын мысты, мырышты илеуші еді, енді теріні де илейтін болдыңдар. Бұл да ауыл шаруашылығына аса қажет. Өңірдегі жетістіктің барлығы республикамыз үшін маңызды. Өндіріс құтты болсын!», - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар