ҚР Президенті: Соңғы 2 жылда Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-саттық екі есеге өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылда Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-саттық екі есеге өсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Чехия Президенті Милош Земанмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Елімізге алғашқы ресми сапармен келген Чехия Президенті Милош Земанға алғысын білдірген ҚР Президенті: «Қазақстан Чехияны Еуропадағы сенімді серіктес ретінде қабылдайды. Бүгін біз екіжақты халықаралық ынтымақтастық аясындағы мәселелерді талқыладық», -деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі елдің арасындағы саяси, сауда, экономикалық, мәдени байланыстар жылдан жылға жанданып, өсіп келеді.

«Менің 2012 жылғы Прагаға жасаған ресми сапарымынан бері қарай екі жылдың ішінде сауда-саттық екі есеге өсті. Сондықтан бұл сапар аясында іскерлік қатынастарды дамытуға баса назар аудардық», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, қазір Қазақстанның нарығында Чехия іскерлік топтарының қатары өсіп келеді. Бұл жақсы үрдіс. Қазақстанда денсаулық сақтау, фармацевтика, автокөлік, машина құрастыру, құрылыс салаларында жетпістен астам чех компаниялары жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар