ҚР Президенті сорғы жабдықтарды жөндейтін зауытта болды - Атырау облысы

ЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.
None
None

Мемлекеи басшысы «Flowserve» корпорациясының «Флуосерв Қазақстан» сорғы жабдықтарын жөндейтін сервис орталығында болды.

Президентке баяндалғандай, сервистік орталық Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ауқымында салынған. Орталықта өнеркәсіптің барлық салаларындағы сорғы жабдықтары мен арматураларға жедел қызмет ететін және жөндейтін барлық қажетті жабдықтар бар. Сондай-ақ орталықта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін тік және көлбеу түрдегі сорғыларды жөндеуге мүмкіндіктер бар.

Мемлекет басшысы Қазақстанда бұрын қызмет көрсетілмеген жоғары қысымды көп сатылы екі корпусты сорғы және плунжер агрегаттарына жөндеу жабдықтарына ден қойды. «Flowserve» корпорациясы сұйықтар мен газдарды айдаумен және оларды басқарумен байланысты қызметтерді көрсететін әлемдік жетекші жеткізушілердің бірі. Ол өзінің қызметін 56 елде жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар