ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Румынияның дипломатиялық институты ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Д. Батырашев Елбасы жариялаған бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі еліміздің міндеттерімен, «Қазақстан - 2050 Стратегиясы» және «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес индустриалды-инновациялық даму басымдықтарымен таныстырды. Ол Қазақстанның Румыниямен сындарлы және өзара тиімді ықпалдастықтың дамуы бағытына бейілділігін атап өтті.
ҚР Елшісі еліміздің халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Румынияның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын құптады.
Румынияның дипломатиялық институтының басшысы Румыния Қазақстанның тәуелсіздігін таныған Еуропа елдерінің ішінен алғашқылардың бірі болып табылатынын атап өтті. «Екі ел ресми тұлғаларының ұдайы сапар алмасуы елдеріміздің арасындағы достық қатынастардың жарқын дәлелі», - деді Д. Петре.
Кездесу қорытындысымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (МБА) және Румынияның дипломатиялық институты арасындағы Өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Қазақстандық тараптан құжатқа МБА ректоры Болатбек Әбдірәсілов қол қойды. Меморандум аясындағы ынтымақтастық бірлескен тренингтер, конференциялар, семинарлар, зерттеу жобаларын өткізуді, сапар алмасуларды және т.б. бағыттарды қамтиды.
Тараптар екі елдің білім беру мекемелері арасындағы өзара тиімді әріптестіктің дамуы мен ұлғаюына қызығушылығын білдіріп, Бухарест қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне арнайы тіл және дипломатиялық курстарды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.
Румынияның дипломатиялық институты 2005 жылы қыркүйекте құрылып, Румынияның Сыртқы істер министрлігі аясында қызмет етеді. Сыртқы істер министрлігінің қызметін қолдап, сарапшылық бағалауды, дипломатия және халықаралық қатынастар саласындағы оқыту бағдарламаларын ұсынады.
Институт Румынияның мемлекеттік және жекеменшік мекемелеріне ғылыми зерттеулерді жүргізіп, әлемдік оқиғаларға сараптама жасайды. Халықаралық саяси мәселелер бойынша іс-шаралар өткізіп, шолулар мен зерттеулерді жариялайды.