ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының келешегі талқыланады

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР  мен ЕҚЫҰ ынтымақтастының келешегін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.
None
None

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР СІМ өкілдері, Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары және докторанттары қатыспақ.

Академия ректоры Б.Әбдірәсілов пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Н.Зарудная осы білім ордасы мен ЕҚЫҰ орталығының арасындағы ұзақмерзімді өзара қатынастарды дамыту мақсатында ниет хаттамасына қол қоймақ.

Құжатта магистрлік жәе докторлық бағдарламалар бойынша білім жобаларын жүзеге асыру және «Халықаралық қаынастар» мамандығы бойынша оқитын тыңдаушылардың біліктілігін көтеру жөніндегі бірқатар келісімдер көрініс табады, соны ішінде академия магистранттарының ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы бөлімдерінің бірінде тағлымдамадан өтуіне мүмкіндік беріледі.  

 

Соңғы жаңалықтар