ҚР Президентінің Чехияның жоғарғы басшылығымен кездесулері жоспарланып отыр

  ПРАГА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Екікүндік сапар аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Чехияның жоғарғы басшылығымен кездесулері, сондай-ақ оның қазақстандық-чехиялық бизнес-форумның ашылуына қатысуы жоспарланып отыр.
None
None

Президенттің Чехияға сапары екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша байланыстарды дамытуға, сондай-ақ экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клауспен кездесуінде екіқақты қатынастардың жай-күйі және даму перспективалары талқыланады.

Чехия Республикасының премьер-министрі Петр Нечаспен жоспарланған кездесудің барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алысу болмақ.

Сапардың соңында мемлекет басшылары қазақстан-чех бизнес форумына қатысады, оның барысында бірқатар коммерциялық шарттарға қол қою көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар