19:53, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
ҚР Президентінің Францияға сапары аясында бірлескен қазақстандық-француздық кәсіпорын іске қосылды
РИЖ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Француз Республикасына жұмыс сапары аясында Обер провинциясындағы Лез Анфизде жоғары технологиялы өнім өндіретін бірлескен зауыт іске қосылды.

Осы арқылы, қазіргі уақытта Өскемен титан-магний комбинаты мен Альберт энд Дюваль компаниясының екі қазақстандық-француздық зауыты ашылды. Олар: Өскемендегі француз аэробустарының бөлшектерін шығаратын зауыт пен Лез Анфиздегі зауыт.
ӨТМК-да титан құймаларын өндірудің басталуымен алғаш рет қазақстандық бастапқы өнім қол қойылған 1,4 млрд. долларлық ұзақ мерзімді шарт аясында Эйрбас ұшақтары үшін жеткізілетін болады.