ҚР Президентінің Жолдауы көшбасшылық тұрғыдан көре біліп, өсімнің жоғары қарқынына жетуге ұмтылған көзқараспен ерекшеленеді - Иордания Сенатының басшысы Тахер Масри

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауы Мемлекет басшысының көшбасшылық көзқарастарын пайымдайды,
None
None

ол бүгінгі жаһандық болмысты түсіне отырып, онымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға тырысады, ұлттық экономиканы нығайтуға бағытталған жаңа шараларды қабылдай отырып, барлық деңгейде республика азаматтарының өмірін жақсарту үшін кірістерді бөлу жолдарын көрсетеді.

Иордан Хашимит Корольдігі Парламенті Сенатының төрағасы Тахер Масридің Жолдауға түсіндірмесінде осындай баға берілген.

ҚР Президентінің жұмыспен қамтуды саласындағы саясатпен байланысты көзқарастары, оқытудың тиімді жүйесін құру және жас қазақстандықтарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу, елдің барлық аймақтарында кәсіпкерлік рухты және  бизнестегі бастамашылдықты ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау және Қазақстанның әртүрлі аймақтарына инвестиция салу жөніндегі пікірлері нақты жағдайды терең түсіне білген және өсімнің жоғары қарқынына жетуге ұмтылған сарабдал саясаткердің ілгерішіл қадамдарын қуаттайды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өнеркәсіптік жобалардағы инновацияларды қолдау, ғылыми-зерттеулерді нығайту және ғылыми-зерттеу орталықтарының үздіксіз дамуы үшін қолайлы орта құру, университеттермен және барлық мемлекеттік секторлар арасында тиімді әріптестік орнату, Үкімет алдына қойылған «Бизнестің жол картасы»2020» жобасын дамыту және белсендіру, іскерлік және инвестициялық ахуалды нығайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу, көптеген жұмыс орындарын ашу жөніндегі елеулі еңбектері біздер үшін шабыт көзі болмақ, - деп атап өтті Тахер Масри.   

 

Соңғы жаңалықтар