ҚР СІМ басшысының орынбасары мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі «Жаңа Жібек жолы» туралы американдық бастаманы жүзеге асыру жолдарын талқылады

тең төрағалығымен 2010 жылғы наурыздан бері қолданыстағы қазақстандық-американдық жыл сайынғы консультациялар тетігі ауқымында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Бұл туралы ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз баянында хабарланған.
Бұл шараның барысында қазақстандық және американдық тараптар Қақақстан мен АҚШ арасындағы жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, саяси мәселелер, демократия және адам құқығы, экономика және әлеуметтік даму, энергетика жөніндегі стратегиялық әріптестіктің негізін құрайтын екіжақты консультацялардың тетігінің негізгі бес бағыты бойынша ынтымақтастықтың дамуы серпінді болып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар тең төрағалар Қайрат Омаров пен Роберт Блейк БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясы ауқымында өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Барак Обамамен өткен әңгімесі тұрғысында екіжақты консультациялардың күн тәртібін және одан кейінгі жұмысын талқылады. Бұл кездесуде екі ел көшбасшылары жаһандық заманауи проблемалар мен аймақтық мәселелерді шешуде өздерінің ұстанымдарының ұқсас екенін тағы қуаттаған болатын.
Атап айтқанда, қазақстандық және американдық дипломаттар жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Ауғанстан проблемасын қоса алғанда, аймақтық қауіпсіздік мәсслелерін шешуде бірлескен одан кейінгі қадамдарының перспективалары тура әңгіме қозғады.
Қазақстанның аймақтағы ықпалдастық үдерістерін ілгері жылжытудағы әлеуеті бөлек әңгіме болды, АҚШ-тың пікірінше, ол Ауғаныстан экономикасын қалпына келтіруде және тұтастай алғанда аймақты дамытуда өзекті рөл атқарады. Осы тұрғыда тараптар «жаңа Жібек жолы» туралы американдық бастаманы жүзеге асыру жолдарын егжей-тегжейлі талқылады, бұл орайда аймақ елдері арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты ынталандыруға Ауғанстанды да қосу жайы қаралды. Тараптар бұл бағыттағы бірлескен жұмысты осы жылы өтетін Ауанстанға байланысты бірқатар шаралардың барысында талқылауға уағдаласты.
Келіссөздер қорытындысымен тең төрағалар қазақстан-американ жыл сайынғы конусультациялары тетігінің кезекті үшінші кездесуін 2012 жылы Вашингтонда өткізуге әзір екендіктерін қуаттады.