11:58, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
ҚР Судьялар одағының Әскери соттары филиалының төрағасы болып Е.Ахметжанов сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Судьялар одағының әскери соттары филиалының конференциясында филиал Кеңесінің жаңа мүшелері мен филиал төрағасы сайланды, деп хабарланған ҚР Әскери сотының сайтында.
Жабық сайлау өткізу натижесінде көпшілік дауысымен ҚР Судьялар одағының әскери соттары филиалының төрағасы болып Ербол Ұлатайұлы Ахметжанов сайланды. Е. Ахметжанов судьялық қызметін 2005 жылы Алматы гарнизоны әскери сотында бастап, 2009-2014 жылдар аралығында Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы болып қызмет етті. Қазіргі таңда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы лауазымын атқаруда.