ҚР Судьялары одағының VIII спартакиадасында Алматы облысының судьялары жүлделі орындарға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Судиялар одағының оңтүстік өңір бойынша VIII спартакиадасы өтті. Оған Алматы қаласының және Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының судьялары қатысты.
None
None

Спартакиада спорттың жеті түрі бойынша өткізілді: шағын футбол, волейбол, үлкен теннис (ерлер арасында), бильярд, үстел теннисі, шахмат және шашки (ерлер және әйелдер арасында).

Спартакиаданың командалық ойын түрлері шағын футбол мен волейболдан Алматы облысының судьялары бірінші орын алды.

Сонымен қатар үлкен теннистен өткен сайыста Алматы облыстық соты Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет бірінші орынды иеленді. Ал ерлер арасында өткен үстел теннисінен Панфилов аудандық сотының төрағасы Азамат Әбдірайымов екінші орынды еншіледі. Әйелдер арасында шашки мен үстел теннисі жарыстарында Панфилов аудандық сотының судьялары Құралай Байоразова мен Динара Құйқабаева 2-ші орын алды. Ерлер арасында шахматтан өткен жарыста Алматы облыстық сотының судьясы Ербол Құтпанбаев үздік үштікке енді.

Соңғы жаңалықтар