19:54, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ? БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Я.Кубишпен кездесті
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тажин біздің елімізде сапармен жүрген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубишпен кездесу өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан мен БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясы арасындағы одан әрі ынтымақтастық тетігі талқыланды, көліктегі, судағы, энергетикалық, табиғат қорғау, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, қаржы және ғылыми-инновациялық мәселелер қаралды.Қазақстанның Сыртқы істер министрі әңгімелесушісін Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерімен, Үкіметтің дағдарысқа қарсы қабылдаған бағдарламасымен таныстырды, «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы әңгімелеп берді. Кездесу аясында Брюссельде алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ және Еуроодақ «Үштігіндегі» министрліктер кездесуінің мәселелері талқыланды.
Біздің еліміз 1994 жылдан бері мүшесі болып табылатын БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясымен Қазақстанның ынтымақтастығы энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қоршаған отаны қорғау, сауда, статистика және транзиттік-көліктік жүйелерді жетілдіру салаларындағы өзара іс-қимылды қамтиды.
Қазақстанның БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясымен бірлескен қызметі 2008 жылы сараптама топтарының, БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясы комитеттерінің отырыстары және Орталық Азия елдерінің экономикаларын дамыту бойынша БҰҰ Арнайы бағдарламасы аясында екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі өзінің дамуына ие болды.