ҚР Сыртқы Істер министрі Ержан Қазыханов Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Хатоямамен кездесті

деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы жақында Жапонияда болған мыңдаған адамның өмірін қиған жойқын жер сілкінісі мен цунамиге қатысты көңіл айтты.
Ю.Хатояма Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен мемлекетіміздің халқына Жапония үшін қиын уақытта көрсетілген гуманитарлық көмек үшін өзінің шексіз ризалығын білдірді.
Екіжақты ынтымақтастыққа қатысты Е.Қазыханов пен Ю.Хатояма стратегиялық әріптестік тұрғыда өзара тығыз байланысты дамыту керек деп екі жақты бірдей пікір білдірді. Осыған дейін 2008 жылы күншығыс елінде өткен Президент Н.Назарбаевтың ресми сапары мемлекеттер арасында ынтымақтастық орнатуда мүмкіндіктердің жоғары екендігін дәлелдеп, келешекте әр түрлі салада байланысқа жол ашты.
Аталған салалардың бірі әлемдік атом энергетикасы саласы. Осыған байланысты тараптар 6-мамыр күні күшіне енетін атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты екіжақты келісімнің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық ұлттық атом компаниясы «Қазатомпром» мен жапондық «Сумитомо», «Тошиба» компаниялары арасында атом және сирек жер металдарының ортақ өнеркәсібін дамытуда келісімдерді жүзеге асырудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Тараптар сауда - экономика саласындағы өзара әрекеттесуді айта келе, құқықтық -келісім қатынастардың базасын нығайтуға және оны одан ары дамытуға келісті. Қазіргі кезде өзара сауда 1 млрд. доллардан асып отыр және осы көлемді өсіруге байыпты мүмкіндік бар.
Кездесу барысында СІМ басшысы «стратегиялық ынтымақтастыққа маңызды үлесті біздің парламентшілеріміз қосады» - деп атап кетті. Осыған байланысты, Ю.Хатояма басқарып отырған жапондық парламенттік лигасының Қазақстанмен достастық жұмыстарын белсендіру ниетін білдірді.
Халықаралық ұйымдар шеңберінде және жаһандық проблемаларды шешудегі ынтымақтастықты айта отырып, Министр алдымен ядроны таратпау және халықаралық өзекті проблемаларды шешудегі Астана мен Токио позициясының ұқсастығы халықаралық аренадағы негізгі сындарлы ынтымақтастық екендігін әңгімеледі.
Жапония мен Қазақстан халқы қайғылы оқиғаны ортақ бастан кешкендігін атап өтіп, тараптар ағымдағы жылда Астанада болатын Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жыл толуына орай болатын халықаралық конференцияның маңыздылығын айтты.
Е.Қазыханов алдағы уақытта Қазақстанның «Орталық Азия + Жапония» диологының дамуына қолдау көрсететіндігін жеткізіп, екіжақты форматтағы ынтымақтастықты орнату, сондай ақ, көпжақты өзара әрекеттесулерді гидроэнергетикалық ресурстарды пайдалану, көлік-транзит әлеуетін дамыту, Орталық Азия аумағында логистикалық орталықтарды құру аталған диалогтың бағыты болып саналатындығын айтты.