19:18, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Омаров жұмыс сапарымен Куба еліне барады
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров 5-6 мамыр күндері жұмыс сапармен Куба Республикасында болып қайтады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
«Сапардың негізгі мақсаты - екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультацияларды өткізу және солардың қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық меморандумға қол қою», - деді А. Әбдірахманов.
Сонымен қатар, ресми өкілдің айтуынша, Кубаның денсаулық сақтау, спорт, сауда және инвестиция министрліктерінде және Парламентінде кездесулер өткізу жоспарлануда.