09:02, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан мен АҚШ арасындағы Жыл сайынғы консультациялар мезанизмдері аясында Вашингтонда болды
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан мен АҚШ арасындағы жыл сайынғы консультациялар механизмдері жұмысын ішінара бақылау үшін сейсенбі күні Вашингтонда болды, деп хабарлайды АҚШ-тағы ҚР Елшігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш механизм 2010 жылдың наурыз айында қазақ-америка диалогының институциялануы мен екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мен нығайту бойынша атқарылатын бірлескен жұмыстар жалғасын табу үшін іске қосылған болатын.
Қ.Омаров өзінің америкалық әріптесі, Оңтүстік және Орталық Азия бойынша АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейкпен бірге жарты жыл ішіндегі бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.
«Қазақстан - АҚШ-пен кең көлемде және екі жақты ынтымақтастығы тығыз орнаған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Екі жақты консультациялардың механизмі өзінің нәтижесін көрсетіп, ары қарайғы қазақстандық-америкалық диалогтың жетілуі мен кеңейуіне өз ықпалын тигізеді», - деді Р.Блейк.