ҚР Сыртқы істер министрлігі Корей Халықтық -Демократиялық Республикасының ядролық сынақ өткізуіне байланысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі мамырдың 25-де Корей Халықтық –Демократиялық Республикасының ядролық сынақ өткізуіне байланысты мәлімдеме жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Корей Халықтық Демократиялық Республикасының соңғы 3 жыл ішінде екінші ядролық қару сынақтарын жүргізуіне байланысты ерекше алаңдаушылығын білдіруде.Ядролық қаруды иеленуден ерікті түрде бас тартқан және ғаламдық қарусыздануға елеулі үлес қосқан ел ретінде Қазақстан әлем қауымдастығының ескертулеріне қарамастан жалғасып отырған ядролық сынақтарды қатаң айыптайды. Біз бұл қадамның ғаламдық таратпау үдерісінде аса келеңсіз әсер тигізетініне және өңірлік әрі ғаламдық деңгейдегі қауіпсіздікке қатер төндіретініне сенімдіміз. Қазақстан Республикасы Корей Халықтық-Демократиялық Республикасын тез арада ядролық мәселе бойынша Қытай, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония қатысатын алтыжақты форматтағы келіссөз үстеліне оралуға және ядролық амбициялардан бас тартуға шақырады», делінген кеше жасалған мәлімдемеде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум