ҚР сыртқы істер министрлігі шілденің соңнда Түркияда босанған қазақстандық әйелге көмектесті

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазқАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Ыстамбұлдағы біздің еліміздің бас консульдығы Қазақстанның Антальядағы құрметті консльдығымен бірлесе отырып, біздің отандасымыз жатқан клиника басшылығына жеңілдік жасау жөнінде өтініш білдірді. Клиника басшылығы қазақстандық тараптың сауалына көңіл аударғаны әзірге ауызша қуаттады», деп хабарлады "ҚазАқпарат» агенттігіне бүгін ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.
None
None

Қазіргі күні анасы мен дүниеге келген сәби клиникадан шықты, олар әзірге Түркияда қалып отыр. Өйткені, кішкентай шаранаға амбулаторлық медициналық көмек қажет, деп хабарлады І. Омаров. Оған Қазақстан азаматының куәлігі тапсырды. Бірқатар отандық БАҚ хабарлағандай, Алматы тұрғыны Әлия Мұхамеджанова күйеуімен және қызымен бірге Түркияға демалуға аттанған болатын. Шілденің 31-інде ол Антальядағы (Түркия) жеке презентханалардың бірінде аман-есен босанды.

«Жедел жәрдем» босанайын деп жатқан әйелді жеке меншік клиникаға жеткізді, мұнда дәрігерлер оны тексерістен өткізіп, дереу операция жасау бөліміне жеткізді. Екіқабат турист әйелден баланы ішінен жарып алды. Сәби күндізгі үш кезінде толық жетілмеген күйінде дүние есігін ашты. Сәбидің салмағы - шамамен екі киләдай. Жалпы, сегіз ай - жаңа туған нәресте үшін өте қауіпті кезең, өйткені, оның өкпесі туу уақытында барлық қуатында жұмыс атқармады. Сәби өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқанда, оның әке-шешесі жекеменшік клинкадан шығу үшін 35 мың доллар қаражат іздеу үстінде. Әлия Мұхамеджанованың жекеменшік клиникадан шығуы үшін осынша қаражат керек екен.

«Оның қызы мен жұбайы Қазақстанға қайтып оралды, - деп жалғастырады Дариға, - қазір олар қала ішін шарлап, ақша іздеу үстінде. Әрине, көмектесіп жатыр, бірақ біз үшін осыншама қаржыны табу оңай емес. Біз - орташа шаруалы отбасымыз. Сәбидің жағдайы оның ұшақпен ұшуына рұқсат бермей отыр».

P.S. Осы секілді жағдай қазақстандық турист қыздың басында осыдан екі жыл бұрын орын алған еді. Оны ауруханадан шығару үшін қаржыны бүкіл ел болып жинаған болатын.

Соңғы жаңалықтар