14:11, 22 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі күні еліміз бойынша мыңнан аса сәби дүниеге келген
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі күні еліміз бойынша мыңнан аса сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға жоғары.
Бұл туралы денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Еліміз бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп нәресте туылған, атап айтсақ бұл облыста 332 нәресте дүниеге келген. Сондай-ақ көшбасшылардың қатарында Алматы және Жамбыл облыстары, сонымен бірге Алматы қаласы да бар.
Ал елордамызда бұл күні 25 нәресте дүниеге келген, 17 ұл бала мен 8 қыз бала. Сәбилердің аналары олардың ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесінде туылғанына қуанышты.
Айта кетейік, қалалық әкімшілік аналарға бесік арбаларын сыйға тарту еткен болатын.