ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді ? республиканың таулы өңірлерінде қолайсыз ауа райы орнайды

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-нің деректері бойынша 2009 жылғы маусымның 2-сі мен 4-і аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлеріндегі өзендерінде нөсер жаңбыр жауады, су деңгейінің бірден көтерілуі, су тасқынының болуы мүмкін деп күтілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, маусымның 3-інде Алматы облысының таулы жерлеріндегі өзендерінде нөсер жаңбырдың жаууына байланысты қарғын су жүруі, Іле Алатауында кей жерлерде сел тасқыны болуы мүмкін.Маусымның 3-іне қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде кей жерлерде күн 0-ден 3 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Қолайсыз ауа райы орнауына байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жоғарыда көрсетілген облыстардың тұрғындарын осы күндері абай болуды, автокөлікпен ұзақ жолға, атап айтқанда табиғат аясына шықпауды ескертеді.
Соңғы жаңалықтар