ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды - Бейжің

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -Сейсенбі, наурыздың 2-сінде Бейжіңдегі Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясында «Мемлекет басшыларының қазақстан-қытай ынтымақтастығын нығайту,
None
None

кеңейту және тереңдету жөніндегі қызметтері» деген тақырыпта қазақстан-қытай сараптау кеңесінің екінші отырысы өтуде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тоқтаров сапар аясында Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының вице-президенті Ли Янмен кездесті. Кездесуден кейін тараптар ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан-қытай сараптау кеңесінің екінші отырысында сөйлеген алғысөзінде С.Тоқтаров, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры сараптамалық диалог форматындағы кездесулерге үлкен маңыз беретінін, бұл кездесулердің барысында қазақстан-қытай стратегиялық серіктестігін және бірқатар екіжақты және көпжақты мәселелер бойынша өзара іс-қимылдарды әрі қарай арттыру мәселелері бойынша егжей-тегжейлі пікір алысу мүмкіндігі берілетінін атап көрсетті.

«Қазақстан-қытай ынтымақтастығының ерекшелігі сол, онда мемлекет басшыларының жоғары сенімді қарым-қатынастары байқалады. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлықтарының арқасында соңғы жылдары екі елдің стратегиялық серіктестігі дамып келеді», деді С.Тоқтаров өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар