ҚР Тұңғыш Президенті тұрақтылық пен қазақстандықтарды топтастыруда басты тұлға - Н.Нығматулин
Бұл орайдағы өз пікірін білдірген «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Президент Н.Назарбаевтың жалпыұлттық көшбасшы ретіндегі жеке тұлғасы тұрақтылықта да, еліміздің орнықты даму бағытында да, қазақстандықтарды топтастыруда да өзекті фактор екенін атап өтті.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың - іргелі өзгерістерді жүзеге асырып, ұлттық шеңберде ғана емес, жаһандық маңыздағы бастамалардың авторы болып отырған ұлттық көшбасшы, оның үстіне бірегей саяси қайраткер екендігіне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан да «нұротандықтар» Парламент депутаттарының бастамасының өзі де және бүгін Мәжіліс Ұлттық көшбасшы мәртебесін бекітуі де өте-мөте қисынды әрі заңды - шын мәнінде бұл бүкіл қазақстандық қоғамның ұстанымын білдіреді деп санайды», - деді Н.Нығматулин.
Ол Н.Назарбаевқа Ұлт көшбасшысы мәртебесін бекіту - бұл өзінің жалпыға бірдей танылған көшбасшысына қазақстандықтардың ризашылығының шынайы көрінісі екенін атап көрсетті.