ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай Қостанайда мерекелік концерт өтті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық филармонияның әртістері ҚР Тұңғыш Президентінің күнінде қостанайлықтарға салтанатты концерт бағдарламасын ұсынды.
None
None

Вокалдық және би номерлерімен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың «О времени и о себе» кітабынан, қостанайлық студенттердің Тұңғыш Президент жайлы шығармаларынан үзінділер оқылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің қалам» әнін филармония солисті Александр Костров, сонымен қатар «Туған жер» әнін Арыстан Құрманов пен балалар хоры орындады. Оларға көрермендер де қосылды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады. Оның құттықтауы ресми сайтта жарияланды.

«Қазақстанның тәуелсіз жылдарында Тұңғыш Президентпен бірге біз қиын уақыттар мен сынақтарды абыроймен бастан өткердік, - делінген облыс басшысының құттықтауында. - Мемлекет басшысының батыл да жігерлі шешімдері егемен, экономикалық дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруға мүмкіндік берді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша және тікелей тапсырмасымен мемлекеттік, салалық бағдарламалар іске асырылуда, ауқымды құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда. Бұл қиын әлемдік қаржылық-экономикалық жағдайларда да қазақстандық экономиканың беріктілік қорын түзуге мүмкіндік береді».

Қостанайлықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған Қостанай облысының әкімі әр жанұяға «өркендеу, табыс, мықты денсаулық пен бақыт» тіледі.

Соңғы жаңалықтар