ҚР ТЖ вице-министрі В.Петров Маңғыстау облыстық ТЖД-ның жаңа басшысын таныстырды

АҚТАУ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына жұмыс сапарын жасаған ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Валерий Петров облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының бастығы қызметін атқарған Абай Сұлтанғалиев келді.
None
None

«Біз төтенше жағдайларға қарсы тұруға әрі мұндайда шұғыл әрекет етуге дайын болуға тиістіміз. Мен министрді Мемлекет және Үкімет басшысы тапсырған міндеттерді жергілікті атқарушы органдармен, облыс әкімдігімен бірлесіп орындайтындығымызға сендіргім келеді», - деді А.Сұлтанғалиев.

Вице-министр жеке құраммен жиын өткізіп, Қазақстандағы, оның ішінде Маңғыстаудағы ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы Серік Хайрушевке құрмет грамотасын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар