ҚР ТЖМ басшысы Көксарай су тоспасында болды

ШЫМКЕНТ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды.
None
None

«Сапар мақсаты - Көксарай су тоспасына барып, құрылыстың екніші сатысымен танысу, құрылыс ұйымдарының басшыларымен және мердігерлермен кездесу өткізу», - деді ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметнің бас маманы Құралай Тоқтарбекқызы.

Бейсенбі күні В.Божко бас су мекемесінде орналасқан құрылыс штабында Көксарай су тоспасының құрылыс барысы туралы кеңес өткізді. Министр Көксарай су тоспасы көптеген өмірлік маңызы бар мәселелерді шешетінін еске салды. «Біріншіден, қыста су реттегіш Сырдария өзенінің ағынын тоқтатады, сол арқылы жағалаудағы ауыл халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жазда жиналған суды өзенге кері ағызады, сол арқылы жайылма алқап пен өзен атырабының экологиялық жағдайын жақсартады», деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Көксарайдың барлық негізгі бөгеттері толықтай аяқталып, су тоспасы 3 млрд. текше метр сел суын ұстап тұруға қабілетті толық қуатпен жұмысын бастаған. «Қазауылқорғау» ММ бастығы Тоқтарбек Баймолдаев министрге су тоспасының бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар