08:17, 05 Қазан 2010 | GMT +5
ҚР ТЖМ-ның Қызылорда облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды.
ТЖМ-нен хабарлағандай, ведомство басшысының орынбасары Валерий Петров, Қызылорда облысы бойынша департаменттің жеке құрамына жаңа басшы - Төлеужанов Ерік Қабашұлын кеше, қазанның 4-і күні таныстырды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың 2010 жылғы қыркүйектің 22-сі күнгі бұйрығымен Е.Төлеужанов Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.