ҚР ҰҒА-ның академигі Еділ Ерғожин Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

ПАВЛОДАР. 13 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінде химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері өткен аптада құрметті қонақ - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,
None
None

 Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғалымдарының докторы Еділ Ерғожинмен кездесті, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

«Ол өзінің жарты ғасырлық шығармашылық жұмысында танымал қазақстандық ғылым мектебін құрды. Еділ Ерғожаұлы фундаменталды әрі қосалқы зерттеулерге қатыса отырып, мың жарым ғылыми мақала жазып, 5 кітап шығарды, 300-ден астам авторлық куәгерлікке және  патенттерге ие болды», - деді ПМУ-ның ректоры Серік Өмірбаев.

Бүгінгі күні Еділ Ерғожаұлы А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтын басқарады, университеттерде оқытудың жаңа формаларын енгізуге көңіл бөледі.

Соңғы жаңалықтар