17:09, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
ҚР Үкімет басшысының шақыруымен Астанаға Грузия Премьер-Министрі жұмыс сапарымен келеді
әуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 7-8- аралағында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің шақыруымен Грузияның Премьер-Министрі Николоз Гилауридің Астанаға жұмыс сапары жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жоспарланған келіссөздер барысында екі елдің Үкімет басшылары қазақ-грузин іскерлік ынтымақтастығының жағдайы мен болашағын, сондай-ақ экономикалық дағдарыстың салдарын бірлесіп еңсеру тұрғысындағы шараларды талқыға салмақ.
Айта кетейік, сапардың қарсаңында, яғни сәуірдің 7-сінде Астанада Қазақстан-Грузия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.