16:45, 03 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Үкімет жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы электр энергиясы кешенін дамыту салалық бағдарламасының жобасы мен тариф саясатын қарады
СТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекеттік комиссия мүшелері электр энергиясы кешенін дамыту бойынша салалық бағдарламалар жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленетін Қазақстандағы тариф саясатын қарады.