ҚР Үкіметі 2011 жылға арналған бюджетті нақтылауды екінші жартыжылдықта қарастырады

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылдың республикалық бюджетін ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында нақтылауды ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Қайрат Келімбетов айтты.

Өз сөзінде әлемдік тауар нарығындағы жағдайда айтарлықтай толқулар болып отырғандығын баса айтқан ол: «Ағымдағы жылдың сәуірінде Brent мұнайының әлемдік бағасы барреліне 127 АҚШ долларына жетті. Қазір баға 110-нан да төмен құлдырады. Бұл бағаның көтерілуімен қатар күрт төмендеуі мүмкіндігінің жоғары екендігін көрсетеді. Сондықтан 2011 жылдың бюджетін нақтылау ағымдағы жылдың екінші жартысына шегеру ұсынылады», - деді.

Соңғы жаңалықтар